Ғ.Мұратбаев ескерткіші
Мекен жайы: Қазалы ауданы, Қазалы қаласы, Қорқыт Ата көшесі, 24
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 04.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Ғ.Мұратбаев ескерткіші.
1986 жыл
Ғани Мұратбаев (3.06. 1902, Қазалы ауданы – 15.04. 1925, Мәскеу) – Орталық Азия мен Қазақстан жастар қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі, БЛКЖО мен Коммунистік Жастар Интернационалының қайраткері. Қазалыдағы орыс – қазақ мектебін, жоғары бастауыш училищесін (1910 – 18), Ташкенттегі орта білім беретін қазақ-қырғыз педагогикалық училищесі жанындағы ауылдық мектептер үшін нұсқаушы-лекторлар курсын (1919 – 20), Ташкенттегі мемлекеттік үлгі-тәжірибелік мектебін және Орта Азия мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетін (1920 – 21) бітірген. 1922 – 24 жылдары РКЖО-ның 5-съезінде Ресей Коммунистік Жастар одағы ОК-нің мүшесі, Коммунистік Жастар одағы ОК Орта Азия бюросының алғашқы төрағасы болып сайланды. 1924 – 25 жылдары Ресей Лениншіл Коммунистік Жастар одағы ОК-нің бюро мүшесі, Коммунистік Жастар Интернационалы атқару комитетінің Шығыс елдері жастар арасындағы жұмыс бөлімінің меңгерушісі болды. Ол Коммунистік Жастар Интернационалының 3 – 4-конгрестерінің, Коминтерннің 4-конгресінің делегаты болып сайланды. Өкпе ауруынан қайтыс болып, Мәскеудегі «Ваганьков» қорымына жерленді.
Ғани Мұратбаевтың ескерткіші Қазалы қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы мемориалдық музейінің ауласында орналасқан. Ескерткішті 1986 жылы Мәскеулік мүсінші Р.Е.Степанов жасаған. Қалайыдан (алюминиден) істелген ескерткіштің биіктігі