Арсыбай І, ІІ елді-мекені
Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Шірік-Рабат қалашығынан батысқа қарай 33,8 шақырымда орналасқан
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 04.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Арсыбай І, ІІ елді-мекені.
ХІІ-ХҮ ғ.ғ.
Ескерткіш 2006 жылы Ж.Құрманқұловтың басшылығымен А.Х.Марғұлан атындағы археология институтының Шірік-Рабат археологиялық экспедициясымен зерттелді, сол кезде координаттары анықталды және фотофиксация жүргізілді. 2013 жылы ЖШС «Тараз» археологиялық ғылыми орталығы зерттеді.
Қоныстар бір кезеңде өмір сүрген. Екеуінің арасы 8 шақырымға кең. Жаңадарияның Арсыбай деп аталатын саласын жағалай орналасқан.
Елдімекенде жиырмаға жуық үйдің іздері байқалады. Олар екі-үштен топтасып, Арсыбай арнасын бойлай 1,5х1 шақырым аймақты алып жатыр. Үйлердің ішкі жоспары Г-тәрізді және тікбұрышты болып келген 4,6,8 бөлмеден тұрады. Кейбір үйлерде ошақ орындары анық байқалады.
Елдімекен тікбұрышты және бұрыштары доғал келген шеңбер пішінді құрылыстардан тұрады. Солардың арасында қам кесектен тұрғызылған екі үйжай бар. Олардың бір-бірінен арақашықтығы 310 м. Үйлер солтүстіктен оңтүстікке қарай 500-600 м қашықтықта созылып жатыр.