Бұланды І қала орны

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 15 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 04.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Бұланды І қала орны.    

Б.з.д. ІҮ-ІІ ғ.ғ.

1959 жылы С.П.Толстов жетекшілігімен Хорезм экспедициясы ашып, зерттеді. 2006 жылы Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының Шірік-Рабат археологиялық экспедициясы Ж.Құрманқұлов жетекшілігімен қайта зерттеу жұмыстарын бастап, 2007 жылдан қырық жылға жуық үзілістен соң тұрақты қазба жұмыстарын жүргізуге (ШРАЭ, Баланды археологиялық отряды, жетекшісі Ж.Утубаев). 2013 жылы «Тараз» археологиялық ғылыми орталығы зерттеді.

Баланды бекініс қонысы тікбұрыш пішінді, аумағының өлшемдері 80х130 м, қам кесектерден тұрғызылған қабырғамен қоршалған. Бекініс қабырғаларында екі мұнара (биіктігі 3 м) сақталған. Қабырғалар мен мұнараларда атыс ойығы салынған, қамалға кіретін қақпа солтүстік-батыс қабырғада орналасқан. Қамалға солтүстіктен және солтүстік-батыстан төбешік түрінде сақталған жекелеген үйлерден тұратын қоныс жалғасып жатыр, оның беткі қабатында қыш ыдыс фрагменттері мен кварцит сынықтары шашылып жатыр. Үйлердің арасынан қонысты солтүстік және солтүстік-батыстан суландырып жатқан кішігірім каналдан бастау алатын арықтардың қалдықтары анықталды. Канал 2,5 шақырым жерге созылып жатыр. Оның ені 10 м-ден аспайды.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті
2 / 5
Бақатам кесенесі, ХІХ ғасыр
3 / 5
Асан ата кесенесі, ХVІ ғасыр
4 / 5
Құттыбай кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
5 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХVІ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.