Наурызбай мұнарасы, ХVIII-XIX ғ.ғ.
Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Қарауылтөбе ауылынан солтүстікке қарай 4,5 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 31.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Санаты: Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Тарихы: Жаппас руының Жәдікбай аталығынан тараған Наурызбай деген ауқатты кісі болған. XVIII ғасырда өмір сүрген Наурызбай он екі қанат боз үйі, төрт түлігі сай, бес уақыт намазын қаза қылмаған діндар кісі болған. Сыр бойының өзіне сыңар болатындай бірнеше кісімен Меккеге аттанып, қажылық жолында ауыр науқастан қайтыс болған. Уақыт өте келе Наурызбайдың жоғын жоқтаған ұрпағы мен ағайындары осы мұнараны тұрғызған.
Сипаттамасы: Түп жағының диаметрі 3 м, биіктігі 6 м. конус бейнелі, жоғарысына қарай д.1,5 м. жіңішкеріп, биіктігі үш буынтық 67 кірпіш өрім қаланған. Қам кірпішінің өлшемі 30х12х22 см. Төменгі буынтығы 1,2 м. Есігінің өлшемдері 1,7х8 см, солтүстік-батысқа қараған. Ішкі жағы қам кірпіштен қаланып, сырты қыш кірпішпен қапталған. Өйткені төбесінде қыш кірпіш қалдығы сақталған.
Мұнара Қызылорда облысы бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерінің 3D форматтағы интерактивті (www.virtualmap.xyz/be/10-pamyatniki-kaz/186) картасына енгізілген. QR-код тақтайша орнатылған.