Бекініс мекені ІІІ

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Шірік Рабат қалашығынан оңтүстік-батысқа қарай 44 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 04.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Бекініс мекені ІІІ.

Уақыты белгісіз

Ескерткіш 2006 жылы Ж.Құрманқұловтың басшылығымен А.Х.Марғұлан атындағы археология институтының Шірік-Рабат археологиялық экспедициясымен зерттелді, сол кезде координаттары анықталды және фотофиксация жүргізілді. Қазба жұмыстары жүргізілмеген.

Бекініс мекені ІІІ екі құрылыстың үйіндісінен тұрады. Құрылыс І-диаметрі 30 м, биіктігі 1,6 м болатын, жоспар бойынша пішіні дөңгелек аласа төбешік. Орталықта-көлемі 8х5 м, тереңдігі 0,4 м шаршы пішінді шұңқыр. Құрылыстың үстіңгі қабатында уатылған күйдірілген кірпіштер мен білдекті керамиканың сынықтары байқалды, сонымен қатар жапсырмалы керамиканың сынықтары табылды. Құрылыс І-ден солтүстікке қарай ені 1-1,5 м болатын қатты ескірген арықтың қалдықтары байқалады. Құрылыс 2 құрылыс 1-ден оңтүстікке қарай 35 м жерде орналасқан. Жоспар бойынша пішіні төртбұрышты, көлемі 35х20 м болатын бекініс дүниенің төрт бұрышына бағытталған. Сыртқы қабырға биіктігі 0,1 м-ден 0,3 м дейін жететін мүжілген төбеден тұрады.  Құрылыстың ішінен ешқандай құрылым ізі байқалмайды. Құрылыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде арық іздері байқалады. Ескерткішті қарау барысында жез ыдыстың мойнының сынықтары, диаметрі 0,3 см болатын құрамдастырылған саңылауы бар керме және ашық көк түсті керамикалық моншақтың сынықтары табылды. Сонымен қатар сыртқы жағы қою көк әшекеймен жабылған керамика сынығы табылды, әшекейдің үстінде қара бояумен жасалған ою-өрнек бар, сынықтың ішкі бөлігі әшекеймен қапталған. Құрылыс 1-ден оңтүстік пен батысқа қарай диаметрі 1,5 м және тереңдігі 0,2 м болатын тоғыз дөңгелек шұңқыр табылды.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Оқшы ата кесенесі, ХІ ғасыр
2 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)
3 / 5
Жетіасар ІІІ (Алтынасар) қалашығы, б. з. д. І мыңжылдықтың соңы- б. з. ІV-V ғасырлар
4 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, депутаттар кеңесінің ғимараты, қазіргі – Ғ. Мұратбаевтың мемориалдық музей ғимараты,ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы
5 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті

Ақпарат

    Записей не найдено.