Жол асар қалашығы
Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Алтын асар қалашығынан солтүстікке қарай 21,2 шақырымда орналасқан
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 04.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Жол асар қалашығы.
ҮІ-ҮІІ ғ.ғ.
1948 ж. Хорезм экспедициясы (С.П.Толстов) анықтап, 1973, 1976, 1978 жылдары (Л.М.Левина) біршама зерттеу жұмыстарын жасаған. 2005 жылы Шірік-Рабат археологиялық экспедициясы (Ж.Құрманқұлов) қайта зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Қоныс қатты бүлінген, асарлық қалашықтарға ұқсас, екі сатылы төбе іспетті. Пішіні сопақша келген, аумағы 45х35 м, биіктігі 9,5 м болып келген қамалдың орталық бөлігі дөңгелек пішінді екінші алаңмен қоршалған. Орталық алаңда күмбезді кішкене бөлмелердің болғандығы анықталды. Қамал және бөлменің ішкі қабырғалары тікбұрышты қам кесектерден (40х30х10 см; 38/42/42х28х10 см) және кішігірім пахса блоктарынан тұрғызылған.