Алматұлы Самырат кесенесі
Мекен жайы: Қазалы ауданы, Қазалы ауылынан оңтүстікке қарай 6 шақырымда орналасқан
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 04.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Алматұлы Самырат кесенесі.
1922 жыл
Самырат Алматұлы 1845 жылы Ырғыз өңірінде туып, 1921-1922 жылдар шамасында Қазалы жеріндегі Күңтүбекте өмірден озған. Ауыл молдасынан діни тәрбие, әкесі Алматтан қазақ халқының салт-дәстүрін үйрене, сезіне өскен.
С.Алматұлы (Алматов) 1861 жылы түтін пұл жинауды бақарса, 1869 жылы Кенжеғара болыс басқарушысына кандидат, 1875 жылы осы болыстықтың болысы болып сайланған.
Кесене екі камералы, кіреберіс және жерлеу камералары бар. Камераның бойлық белағаштары бір-біріне қатысты Т-бейнелі орналасқан. Оның жоспары бойынша ауқымды өлшемі - 8х10м, биіктігі – 7м (күмбез астындағы ұшынсыз). Ол күйдірілген тікбұрышты кірпіштен тұрғызылған. Ескерткіштің ерекшелігі камералардың әр түрлі болуында: кіреберісі - өлшемі 4,5х2,2м болатын тікбұрышты пішінді, ал жерлеу камерасы – диаметрі