Қожамберді батыр ескерткіші (2018 ж.)

Мекен жайы: Жаңақорған ауданы, Қожамберді ауылы

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 22.09.2022

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

 Қожамберді батыр ескерткіші (2018 ж.)

(Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне алынған)

  Қожамберді батыр XVI ғасырдын 2 жартысында қазіргі Қызылорда облысы, Жанақорған өңіріңде ғұмыр кешкен. Тегі - Орта жүз.

  Қожамберді батыр Сыр бойына ғана емес, әрісі Арқаға да аты шыққан белгілі адам. Батыр 16 жасында Жетісудағы бір байдың қызына үйленіп, одан Ақбадырақ, Сарымсақ, Шоқай, Шонық деген балалар дүниеге келген екен.

Бүкіл өмірін азаттық пен тәуелсіздік жолындағы күреске арнаған өз дәуірінің қолбасшысы және жүректі, рухы бар батыр ретінде халықтың есінде қалды.

2018 жылы батырдың есімін ұлықтау мақсатында ұрпақтары атынан Батыс-Европа-Батыс Қытай автодәлізінің бойында, Қожамберді ауылының бұрылыс иініне ескерткіш орнатылды.

Ескерткіштің ресми ашылуы 2018 жыл. Авторы: Н.Нартов.

Материалы: қола. Жалпы биктігі 9,9 метр.

Мүсін-биік тұғырға қондырылған ат үстіндегі батырдың монументалды бейнесі. Тұғырдың беті гранитпен қапталған. Ескерткіштің тұғыры ықшам түрде орнатылған, бұрыштарында өткір жиектері жоқ. Бұл дегеніміз  ескерткіштің барлық жағынан көруге мүмкіндік береді.

 Ат үстіндегі батырдың бейнесі және өзіңе деген сенімді көзқарасы оның еркіндікке деген сүйіспеншілігі мен жеңіске деген құштарлығын айқындап тұрғандай.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Бәбіш-Мола ескерткіштер кешені, б.з.д. ІV-ІІ ғасырлар
2 / 5
Айқожа кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
3 / 5
Бақатам кесенесі, ХІХ ғасыр
4 / 5
Ақтас мешіті, 1884 жыл
5 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі

Ақпарат

    Записей не найдено.