Қитарұлы Дәуімшар кесенесі, ХХ ғасыр
Мекен жайы: Қуаңдария ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 23-25 км
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 13.10.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Қитарұлы Дәуімшар кесенесі, ХХ ғасыр
Ескерткіш 2005 жылы Ж.Құрманқұловтың басшылығымен А.Х.Марғұлан атындағы археология институтының Шірік-Рабат археологиялық экспедициясымен зерттелді, сол кезде координаттары анықталды және фотофиксация жүргізілді. 2013 жылы ЖШС «Тараз» археологиялық ғылыми орталығы зерттеді.
Жоспары төртбұрышты (төртқұлақты) саз кесектен салынған күмбезді кесене толық сақталған. Мазар көлемі 7,4х7,4 м. Қабырғасының биіктігі 2,2 м, қалыңдығы 1,1 м. Порталының биіктігі 3,5 м, қалыңдығы 1 м, ені 55 см. Кесектердің өлшемі 32х18х8 см, 35х18х12 см. Ішінде қабір орны сақталмаған. Күмбезге дейінгі қабырғасы сабан сылақпен сыланған. Төргі қабырғасында жылқылардың, кимешек киген әйелдің бейнесі қырып салынған. Ішкі қабырғаға сурет салынған. Мерзімі ХІХ ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басы.