Тәйімбет Көмекбаев мүсіні, 2014 жыл

Мекен жайы: Т.Көмекбаев ауылы, Жеңіс саябағында орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 13.10.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Тәйімбет Көмекбаев мүсіні, 2014 жыл

Тәйімбет Көмекбаев (1896, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы- 13.2.1987, Жосалы кеніші) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, бөлімше командирі, барлаушы. Кеңес әскері қатарына 1942 жылы алынып, I Украина майданы 21-армия 128-атқыштар дивизиясы 533- атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. 1943 жылдың басында Көмекбаев жерлестері Сарыбаев және Жармашбаевпен бірге жаудың штаб үйіне тұтқиылдан шабуыл жасап, жаудың 12 әскері мен 2 офицерін тұтқындады. Познань (Польша) қаласының түбінде Көмекбаевтың барлаушылары ұрыссыз 17 жау әскері мен 2 офицерін тұтқынға алды. 1945 жылы Гливине (Глествиц) қаласына бірінші болып кірді. 1945 жылы 6 қаңтарда Көмекбаев алғашқылардың қатарында Одер (Одра) өзенінен өтіп, оның батыс жағалауындағы плацдармды ұстап тұрған жауынгерлер қатарында жаудың 5 дүркін шабуылын тойтаруға катысты. Бриг қаласына шабуыл барысында жаудың станокты пулеметін, 60 әскерін жойып, 12 гитлершіні тұтқынға алды. Ұрыстардағы ерекше қаһармандығы үшін Көмекбаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (10.4. 1945). Ол 1-Украина майданының өкілдері құрамында Мәскеудегі Қызыл Алаңда болған Жеңіс шеруіне қатысты. Соғыстан кейін ауыл шаруашылығында еңбек етті. Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Мүсін Кеңес Одағының батыры Т. Көмекбаевтың  есімін ұлықтау мақсатында өз есімімен аталатын ауылдың (Қармақшы ауданы Т. Көмекбаев ауылы) «Жеңіс» саябағында орнатылды. Мүсін қола материалынан құйылып, сапалы дайындалған тұғырға орнатылған. Авторы Қ. Сатыбалдин. Қазіргі таңда мүсін ауылдың  көрікті орындарының біріне айналып отыр. Объектінің иллюстрациялық материалы қола, гранит.

 

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХVІ ғасыр
2 / 5
Асанас кесенесі, ХVІІ ғасыр
3 / 5
Ақтас мешіті, 1884 жыл
4 / 5
Жетіасар ІІІ (Алтынасар) қалашығы, б. з. д. І мыңжылдықтың соңы- б. з. ІV-V ғасырлар
5 / 5
Бәбіш-Мола ескерткіштер кешені, б.з.д. ІV-ІІ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.