Бүкірек батыр кесенесі, 2010 жыл.

Мекен жайы: Шижаға елді мекені

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 13.10.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Бүкірек батыр кесенесі, 2010 жыл.

Шижаға елді мекені

 

Қазақ батыры жоңғар басқыншыларына қарсы күресте қазақ жасағының бір бөлігін басқарған Бүкірек батыр болған. Бүкірек батырдың жерленген жері Шижаға елді мекенінің территориясында, оның басына ұрпақтары Маңғыстаудың ақ тасынан биіктігі 7 м, ауданы 20,25 ш.м болатын кесенені 2010 жылы тұрғызды. Қорым аумағы 40х30 ш.м шарбақпен қоршалып абаттандырылды. Кесене тікбұрышты пішінді, есігі металдан жасалған. Оған баспалдақ арқылы барады. Кесене бұрыштарында сүйірленіп келген мұнарашалар бар және қабырғасының сырты ою-өрнектермен әшекейленген. Есігінің үстіңгі жағында ішінде қалқан, найза, қылыш, садақ пен қорамсақтың суреті бар үлкен жұлдыз бейнеленген. Қабырғаның жоғарғы жағында «Бүкірек батыр» деген жазу бар. Кесененің алдында үш тақтасы бар мемориалды қабырға тұрғызылған. Орталық тақтада Бүкірек батырдың шежіресі жазылған. Мемориалды қабырғаның алдында Құранның сүрелері жазылған тақтасы бар үстел мен орындық орналасқан. Кесененің айналасынан қатты бүлінген қам кесекті жерлеу құрылыстарының орны табылды.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Құтқарушы Христос шіркеуі, ХІХ ғасыр
2 / 5
Оқшы ата кесенесі, ХІ ғасыр
3 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі
4 / 5
Сауысқандық петроглифтері, қола, ерте темір дәуірлері
5 / 5
Шіркеу, қазіргі - теміржолшылар клубы ғимараты, 1904 жыл

Ақпарат

    Записей не найдено.