Ержігіт Бозғұлов мүсіні, 2016ж

Мекен жайы: Әйтеке би кенті, «Жеңіс» саябағында орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 13.10.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Ержігіт Бозғұлов мүсіні, 2016ж

Бозғұлов Ержігіт (2.2.1931 жылы туған, Қазалы ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы кеңшар) – Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген инженер-гидротехнигі (1976). Алматы ауылы шаруа институтын бітірген (1954). 1954–59 жылы Қазалы аудан машина-экскаватор станциясында бригадир, шебер, прораб, аға прораб, өндіріс бөлімінің бастығы, 1959–61 жылы Қызылорда обкомының ауылы шаруа бөлімінде нұсқаушы болып істеді. 1961–63 жылы Ирри құрылыс жөніндегі Құрылыс-мелиорация басқармасының бас инженері, 1963–66 жылы Қызылорда плотина құрылыс, 1966–69 жылы «Күрішкеңшар құрылыс бас басқармасына» қарайтын облыс жайылымдарды суландыру жөніндегі құрылыс-мелиорация басқармасының бастығы, 1969–72 жылы 2-құрылыс-монтаж тресінің бастығы болды. 1972 жылдан Қызылорда құрылыс-өндірістік мелиорация бірлестігінің бастығы, бастығының орынбасары, осы бірлестіктің бас инженері, бірлестік бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Ол Қызылқұм, Қарақұм мал жайылымдарын суландыруға, Сыр жағалауындағы күріштік алқаптарын тегістеуге атсалысты. Октябрь Революциясы, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Ержігіт Бозғұлов көп жылдар облыстық партия комитетінің мүшесі, облыстық кеңестің депутаты, Қазақстан компартиясы ХІV съезінің делегаты болған. Ел алдындағы ерен еңбегі үшін «Октябрь Революциясы» екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен және бірнеше медальдармен наградталған. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің жеті рет алтын, күміс, қола медалімен марапатталып, «Қазақстанның еңбек сіңірген гидротехнигі» атағына ие болған. Есімі  Одақтық Су шаруашылығы және мелиорация министрлігінің «Құрмет кітабына» жазылып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі еңбегі ескеріліп, 2008 жылы еліміздің Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағы берілген.

Облыста атқарылған игілікті, ізгілікті, тарихи, тағдырлы, бұрын-соңды қиялға да симайтын, қыруар жұмыстардың басында, қасында, ортасында қырық жылдай Қызылорданың топырағынан табаны таймай басшы да болып, қосшы да болып, ұйтқы да болып, ұйымдастырушы да болып жүрген Ержігіт Бозғұлов.

Облысымыздың экономикалық-әлеуметтік бет-бейнесін түбегейлі өзгерткен осындай атқарылған ауқымды жұмыстардың басым көпшілігі Ержігіт Бозғұловтың қолынан өткен болатын. 

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Асан ата кесенесі, ХVІ ғасыр
2 / 5
Бақатам кесенесі, ХІХ ғасыр
3 / 5
Сығанақ қалашығы. Х-ХVІІІ ғасырлар
4 / 5
Жент қалашығы, Х-ХV ғасырлар
5 / 5
Сауысқандық петроглифтері, қола, ерте темір дәуірлері

Ақпарат

    Записей не найдено.