Райым бекінісінің орны, 1847 жыл.
Мекен жайы: Райым ауылынан оңтүстікке қарай 1 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 13.10.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Райым бекінісінің орны, 1847 жыл.
Райым ауылынан оңтүстікке қарай 1 шақырым
Райым бекінісі аспандай биік болып келеді, Сырдария өзенінің оң жағасынан солтүстік-шығысқа қарай 2 км қашықтықта, Райымкөл және Жалаңашкөл көлдерінің арасындағы мойнақта орналасқан. Райым бекінісі СШ-ОБ сызығымен созылған бұрыс кескінді ромб пішінді болып келеді. СШ-ОБ сызығындағы ескерткіштің өлшемдері-380 м; СБ-ОШ сызығындағы өлшемі-233 м. Ескерткіште қорғаныс құрылыстардың кешені анықталды: дуалдар, орлар, қорғандар, мұнаралар, ретраншемент. Барлығы 19 құрылыс саналды.