Көмекбай Қаракөзов мүсіні, 2017 жыл
Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ғ. Мұратбаев көшесі н/з (№ 235 мектеп ауласы)
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 29.03.2023
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Санаты: Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген.
Тарихы: Көмекбай Қаракөзов 1915 жылдың сәуір айында Қазалы ауданы, Көларық елді мекенінде дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандық партия комитеттерін басқарған. 1965 жылдан облыстық бірнеше шаруашылық мекемелерін басқарып, 1983 жылы Құрметті еңбек демалысына шықты. Социалистік Еңбек Ері, Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталады. Оның есімін ұлықтау мақсатында облыс орталығындағы №235 мектеп ауласында ұрпақтарының қолдауымен мүсін орнатылды.
Сипаттамасы: Мүсін 2,0 натуралық өлшемде қола материалынан құйылған. Жалпы биіктігі 3 метр, оның ішінде мүсіннің биіктігі 1,30 метр, салмағы 350 кг. Тұғыры бүтін гранит тастан қашап жасалған. Оның өлшемдері h-1,70 метр, 70х70 см. Мүсіннің авторы – Қазбек Сатыбалдин.