Нәлқожа Ергешбаев мүсіні, 2020 жыл

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, №172 орта мектептің ауласы

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 22.02.2023

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Санаты: Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген.

Тарихы: Нәлқожа Ақбалаұлы 1931 жылы 1 наурызда Жаңақорған ауданыБірлік ауылында дүниеге келген. Партия және шаруашылық қызметкері. Мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақ ауыл шаруашылық институтын (1954), СОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. 1954 – 1961 ж. Арал, Тереңөзек (қазіргі Сырдария) ауданында инженер-механик, Шаған МТС-інде инженер-механик, бас инженер, директор, Тереңөзек ауданы «Қазақ ауыл шаруашылық техникасы бірлестігінің» бастығы, 1974 жылы Тереңөзек ауаткомының төрағасы, 1975 – 1985 ж. осы аудан, 1985 – 1992 ж. Сырдария ауданы парткомының 1-хатшысы. 2 мәрте Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен,медальдармен марапатталған. «Күріш өндіруді мамандандыру және шоғырландыру» атты кітап жазған.

Сипаттамасы: Мүсін қоладан құйылған. Биіктігі-1 м. Тұғырының биіктігі-2 м. Авторы - Аманкелді Кененбаев. Мүсін Тасбөгет кенті, №172 орта мектебінің теңгеріміне берілген.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Шірік-рабат қалашығы, б.з.д. V-ІІ ғ.ғ.
2 / 5
Асан ата кесенесі, ХVІ ғасыр
3 / 5
Сығанақ қалашығы. Х-ХVІІІ ғасырлар
4 / 5
Бәбіш-Мола ескерткіштер кешені, б.з.д. ІV-ІІ ғасырлар
5 / 5
Шіркеу, қазіргі - теміржолшылар клубы ғимараты, 1904 жыл

Ақпарат

    Записей не найдено.