Жанназар ишан мешіті
Мекен жайы: Қамыстыбас ауылы, Қамыстыбас көшесі, 420
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 22.09.2022
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Жанназар ишан мешіті 1904 жыл
Маңызы:
Жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш
1904 жылы Қожаназар ишанның бастамасымен салынған бұл мешітке ишанның шәкірті Жанназар ишанның есімі берілген. Мешіт Кеңес заманында қойма, тігін шеберханасы ретінде пайдаланылған. Тәуелсіздік алған кезеңдерде қараусыз қалып, жай-күйі сын көтермейтін жағдайға жеткен. Тек кейінгі жылдары Жанназар ишанның ұрпақтарының, ауыл тұрғындарының қаржыландыруымен ішінара жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сыртқы қабырғалары мүлде сақтауға келмегендіктен заманауи материалмен қапталған. Дегенмен мешіттің ішкі бөлігіндегі тарихи маңызы бар бөліктері өз қалпында сақталған. Бүгінгі күні ауыл тұрғындары бұл ғимаратты мешіт ретінде пайдаланып келеді. Бой көтергеніне ғасырдан астам уақыт өткен нысанды тұрғындар киелі орын санайды. Жанназар Арланбайұлы 1878 жылы Қазалы ауданындағы Арықбалық аталатын жерде (қазіргі Жанқожа батыр ауылы) дүниеге келген. Өткен ғасырдың 1904 жылы Қамбаштан салынған осы мешітте имам болып ұзақ уақыт қызмет еткен. Ел ішіне емші, ғұлама ретінде танылған