Келімбет кесенесі
Мекен жайы: Қазалы ауданы, Аранды ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 шақырым, Қожабақы ауылынан батысқа 6,5 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 22.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Келімбет кесенесі,
1898 жыл
Келімбет кесенесі – Қожабақы ауылынан 8 км шақырымда орналасқан Құрылысы XIX ғасырдың аяғында (1898ж) салынған.
Келімбет кесенесі әйгілі халық сәулетшісі Қазақбай Жүсіпов тұрғызған. Кесене тікбұрышты күйдірілген кірпіштен тұрғызылған (5,5х13,5х25 см, 10 қатар+10 жіктер
Кесененің кіреберіс және жерлеу камералары бар, олардың бойлық белағаштары бір-бірімен салыстырғанда Т-бейнелі орналасқан, екі камерада тікбұрышты тұлғаға үйлестірілген, оның бұрыштары сәнді қалақтармен ерекшеленген.
Ескерткіш қатты қираған - сағананың ернеулері жоғалтқан тіпті, кіреберіс бөлігі, қабырға беттері және бұрыш қалқандар қираған, күмбездің төменгі жағы да қирауға ұшыраған.
Келімбет кесенесі халықтық сәулет өнерінің тамаша туындысы болып есептелінеді. Сырдария өзені аңғарындағы кесенелерге тән ерекшелері бар құрылыстарға жатады.