Неолит дәуіріндегі адамдар тұрағы
Мекен жайы: Арал ауданы, Сапақ стансасының солтүстік-шығысқа қарай 1,5 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 04.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Неолит дәуіріндегі адамдар тұрағы, б.д.д ІҮ-ІІІ мыңжылдықтар
Маңызы:
Жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш
Неолит, жаңа тас дәуірі (грек. neos – жаңа және lіthos – тас) – шамамен б.з.б. 5500 – 3000 жылдарды қамтитын тас дәуірінің ең соңғы кезеңі. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай - бұлақтык, өзендік, көлдік, үңгірлік тұрақ деп төрт түрге бөлінеді. Әдетте өзендік тұрақтарда, сондай-ақ көлдік үлгідегі тұрақтарда едәуір көп заттар табылады; мұның өзі бұл жерлерде адамның тұрақты немесе ұзақ уақыт тұрғанын көрсетеді. Мұндай тұрақтардағы негізгі құрал-саймандар - пышақ тәрізді қалақтар және солардан жасалған заттар.
Ескерткіштен жебе ұштары, қырғыштар, таспалы өрнекті қыш ыдыс сынықтары жиналып алынған. Қазіргі уақытта тұрақ орнынан Ташкент-самара трассасы, электр бағаналары және жерасты құбырлар өтіп жатыр. Қазіргі уақытта аз мөлшерде шақпақтас сынықтары кездескенімен ескерткіштің орны сақталмаған.