Неолит дәуіріндегі адамдар тұрағы

Мекен жайы: Арал ауданы, Сексеуіл стансасынан солтүстікке қарай 6 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 04.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Неолит дәуіріндегі адамдар тұрағы
б.д.д ІҮ-ІІІ мыңжылдықтар

Маңызы:

Жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш

Неолит, жаңа тас дәуірі (грек. neos – жаңа және lіthos – тас) – шамамен б.з.б. 5500 – 3000 жылдарды қамтитын тас дәуірінің ең соңғы кезеңі. Неолиттің қалыптасуы мен аяқталуы жер шарының әр түрлі аудандарында әр қилы уақытта өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай - бұлақтык, өзендік, көлдік, үңгірлік тұрақ деп төрт түрге бөлінеді. Әдетте өзендік тұрақтарда, сондай-ақ көлдік үлгідегі тұрақтарда едәуір көп заттар табылады; мұның өзі бұл жерлерде адамның тұрақты немесе ұзақ уақыт тұрғанын көрсетеді. Мұндай тұрақтардағы негізгі құрал-саймандар - пышақ тәрізді қалақтар және солардан жасалған заттар.

Ескерткіштен түбі дөңгелек, тісті өрнекті қыш ыдыс, негізінде ойығы бар жебе ұштары, сүңгі мен найзалардың ұштары, қырғыштар, жаңқа қырғыштар, тескіштер, ретуші бар пышақ тәрізді пластиналар, пышақтар, ернеуі қайырылған көзелер, қабыршақтан істелген әшекейлер жиналып алынды.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы, Х-ХІ ғасырлар
2 / 5
Қорасан ата кесенесі, ХІХ ғасырдың аяғы
3 / 5
Қарасопы кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
4 / 5
Бегім ана мұнарасы, ІХ-ХІ ғасырлар
5 / 5
Асан ата кесенесі, ХVІ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.