Неолит дәуіріндегі адамдар тұрағы
Мекен жайы: Арал ауданы, Көнту теміржол стансасынан шығысқа, солтүстік-шығысқа қарай 5 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 07.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Неолит дәуіріндегі адамдар тұрағы, б.д.д ІҮ-ІІ мыңжылдықтар
Маңызы:
Жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш
Неолит дәуірі тас дәуірінің соңғы кезеңі жаңа тас дәуірі болып саналады.
Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену яғни терімшіліктің орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылы мен егіншіліктің шығуы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамының дамыу үшін орасан зор маңызды болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Ескерткіштен жиналып алынған материалдар: пышақ тәрізді пластиналар, сүңгі ұштары, қырғыштар, көлденең сызықты және тісті штампты өрнектері бар қыш ыдыс. Тұрақ тұрған жерден Ташкент Самара тас жолының Сексеуіл мен ырғызға қарайғы жол айрығы және электр бағаналары мен жерасты тартылған құбырлар өтеді. Қазіргі уақытта аз мөлшерде кварцит немесе шақпақтас сынықтары кездескенімен ескерткіштің орны сақталмаған.