Еспембет кесенесі, (атаусыз кесене № 39)
Мекен жайы: Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 22.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Еспембет кесенесі, (атаусыз кесене № 39)
ХІХ ғ. соңы
Атаусыз кесене №39 жергілікті жердегі халық Еспембет кесенесі деп атайды екен. Кесене Сарыбұлақ ауылынан солтүстік-батысқа 80 шақырым жерде орналасқан. ХІХ ғасырдың соңында салынған қала құрылыс және сәулет ескерткiші. Қам кірпіштен, тік төртбұрышты етіп салынған.
Қабырғаның қалыңдығы – 8х15х30 см,
Еспембет Жақайым руынан шыққан. Бұл кісіде бай болған. Баймын деп асып-тасымаған, еліне сыйлы, халқына қалаулы кісі Еспембет жылына 2 рет қара халыққа құдай жолы таратып отырған. Сөйтіп, елдің ауызбіршілігін, ынтымағын, береке-бірлігін берік ұстаған.