Алыпқорған қалашығы б.д.д.ІV-ІІ ғ

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым, Жосалы кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 65 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 22.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Сипаттамасы: Ескерткіш Қуандария және Жанадария өзендері алқаптарының арасындағы кең жазықтықта орналасқан. Қамалдың пішіні дұрыс төртбұрыш (57,5х57,5 м), бұрыштары дөңгеленген және биік тік қабырғалармен қоршалған. Қамалдың есігі оңтүстік қабырғасының ортасында орналасқан, бірақ қалажұрт ішінде құрылыс іздері табылмады. Қорғаныстық құрылыстары бар екі жақтағы қабырғаларында да екі жақтан қорғайтын және бұрыштық мұнарасыз қабырғалардың (ені 2,6 м) екі қабатында да көптеген сүйір атыс ойықтары бар және салыстырмалы түрде 6,5-7 м биіктікте жақсы сақталынған. Төменгі бөлігіндегі қабырғалар әрқайсысының биіктігі 1 м, ені 0,6 м екі қатар пахсалы блоктардан қаланған. Атыс ойықтары бар бөлігінен бастап тік төртбұрышты ірі күйдірілмеген кірпіштерден қаланған. Атыс ойыстарының қашықтығы 1,6-1,9 м, ең сүйір атыс ойықтарының биіктігі – 1 м. Қамал қабырғаларының (сыртық қабырғаның ені 2,2 м, ішкісі 1,2 м) арасындағы қорғаныстық құрылыс екі қабаттан құралуы мүмкін.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Асан ата кесенесі, ХVІ ғасыр
2 / 5
Қарасопы кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
3 / 5
Жетіасар ІІІ (Алтынасар) қалашығы, б. з. д. І мыңжылдықтың соңы- б. з. ІV-V ғасырлар
4 / 5
Бегім ана мұнарасы, ІХ-ХІ ғасырлар
5 / 5
Асанас кесенесі, ХVІІ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.