Аралбай қалашығы ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ.
Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Тәйімбет Көмекбаев ауылынан оңтүстік-батысқа 145 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 22.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Тарихы: Сыр өңіріндегі XVIII-XIX ғасырлардағы бекіністер XVIII ғасырда Орта Азия территориясының картасында жаңадан хандықтар пайда бола бастады. Олар Бұқар, Хиуа, Қоқан хандықтары еді. Бұл хандықтардың алдағы мақсаттары өз жерлерін кеңейту болды. Осы мақсатта жаңадан құрылған Орта Азия хандықтары казақ жеріне шабуыл жасап, көптеген әскери жорықтар ұйымдастыру арқылы басып алған жерлерін өзіне қосып отырды. Соның ішінде Сырдарияның төменгі ағысы XVIII ғасырда Хиуа хандығының ықпалында қалып, осы жерлерде тұратын қазақтардан алым салық алынды.
Орта ғасырларда Жаңадария арнасында су тартылып мұндағы көптеген елдімекендер, қалашықтар XVIIIғасырдың II жартысында Жаңадария арнасында су қайтадан толып мұнда тіршілік қайта жанданды.Бұл жерлерге Қарақалпақтар ығысып, ортағасырларда пайдаланылған каналдар жүйесін, қалашықтар ды қайтадан қалпына келтірді. 1956 жылы Хорезм археологиялық, этнографиялық экспедициясы өз жұмысын Жаңадария арнасында орналасқан ортағасырлық Барақтам қалашығы, Аралбай қалашығы, Сырлытам маңы, Шірік-Рабат қалашықтары маңайынан қарақалпақтардың қоныстары ашылды. Бәбіш мола маңайымен Қуаңдария арнасының орта жағында, Майлыөзек арнасының жағалауларында экспедиция қарақалпақтар мекенеткен бекіністерді түгелдей қамтып шықты (4, 21-22-бб.). Майлыөзек арнасының жағасында жартылай көшпелі халық мекен еткен және қорғандары бар кең көлемді кешен орналасқан.
Сипаттамасы: Қалашық төртбұрышты пішінді, көлемі – 190х190 м, бекініс қабырғаларының қалыңдығы 2-3 м, биіктігі – 1-1,5 м. Қалашықтың бекініс қабырғаларының бұрыштарында және қақпасының екі жағында диаметрлері 4-7 м болатын бекіністі мұнаралардың қалдықтары сақталған және дуалының сырты ормен қоршалып жатыр. Қоныстың ішкі құрылысы тегістеліп кеткен. Кіреберіс қақпалар бекініс қабырғасының солтүстік және оңтүстік жақтарында орналасқан.