Қабыл қорғаны
Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Тәйімбет Көмекбаев ауылынан батысқа қарай 47 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 23.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Қабыл қорғаны,
б.д.д. ІV-ІІ ғ.ғ.
Ескерткіштің жоспары төртбұрышты, биік бекініс қабырғалармен қоршалған. Қалашықтың ішінде құрылыс орны байқалмайды. Қамалға кіретін қақпа оңтүстік-шығыс қабырғаның ортасында орналасқан және 6-7 м шығыңқы. Бекініс қабырғаларында мұнаралар жоқ, екі деңгейде орналасқан көптеген атыс ойықтары бар. Қабырғалардың төменгі бөліктері биіктіктері 1 м ені 0,6 м болатын пахса блоктарынан тұрғызылған, ал атыс ойығы деңгейінен жоғары қарай төртбұрышты үлкен қам кесектерден қаланған. Биіктігі 1 м болатын атыс ойықтарының арақашықтығы 2 м. Қорғаныс дәлізі қамал қабырғаларының ортасына орналасқан. Ол екі қабаттан тұрса керек. Солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс қабырғаларының ұзындығы 55 м, оңтүстік шығысы 55 м, оңтүстік-батысы 52 м, биіктіктері 3,5 м, қалыңдығы 2м.