Іңкәр-қала қалашығы
Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 225 шақырым, Тәйімбет Көмекбаев ауылынан оңтүстікке 96 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 23.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Іңкәр-қала қалашығы,
б.д.д. ІV-ІІ ғ.ғ.
Қалашық шаршы жоспарлы, көлемі 35х35 м. Бекініс қабырғаларының сақталған биіктіктері 2 м, оған биіктігі 1,5-1,7 м болатын үйінді жал жалғасып жатыр. Қамалға кіретін қақпа қалашықтың оңтүстік-шығысында орналасқан, шығыс жағынан суландыру каналының ізі анықталды. Оның бойында тұрған жайлардың қалдықтары сақталған. Олардың үстінен қыш ыдыстардың сынықтары, моншақтар, қоладан жасалған заттар кездеседі.