Базар асар қалашығы, Б.з. VI-VIII ғғ

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Жалпақ асар қалашығынан батысқа қарай 8,2 шақырым, Алтынасар қалашығынан солтүстік-шығысқа қарай 10 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 23.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Тарихы: Жетіасар – б.з.б III-I ғасырлардағы қаңлы тайпаларының орналасқан аймағы (Қытай деректерінде Кангюй деп кездеседі)Бұл Қызылорда облысында орналасқан көне қалалар орны, олар толық сақталмай тек топырақ үйінділері түрінде жатқандықтан асарлар деп атаған. Бұл ескерткіштердің өзіндік ортақ ұқсастықтарына қарай зерттеушілер бір мәдениетке топтастырып, олардың негізгі бөлігі шоғырланған Жетіасар шатқалының атымен атаған. Бұл аймақтан Бидайық асар, Сорлы асар, Домалақ асар, Үңгірлі асар, Томпақ асар, Қара асар, Жалпақ асар, Тікасар, Тас асар,  Қосасар сияқты барлығы 50-ге жуық қала мен жүздеген обасы бар қорымдар және суландыру жүйелерінің орындары анықталған. 1946 жылы С.П. Толстовтың басқарумен Хорезм архелогиялық этнографиялық экспедициясы Сырдарияның ежелгі солтүстік арналары Қуаңдария мен Ескідариялыққа қарай жүріп, жетіасар кешенінің қалаларын ашты. 1948-1951 жж. С.П. Толстов Жетіасар №3 (Алтын асар), Жетіасар №9 қаларында және бірнеше жеке обаларда қазба жұмыстарын жүргізді. 1958, 1962-1963 және 1966 жж. басқа да Жетіасар ескерткіштерінде қазба жұмыстары жалғасын тапты. Бұл қалалар халқы Сырдарияның орта ағысы бойымен Ташкент төңірегіне таралған көршілес отырар-қаратау мәдениеті және қауыншы мәдениетерін жасаған тайпаларымен бірге тарихи Кангюй (Қаңлы) мемлекетінің құрамына кірген. Ғалымдар бұл мәдениеттерді өзара сабақтастықты көрсететін негізгі белгілермен қатар, бойынша бір мезгілде өмір сүрген деп болжайды. Ал 1973-1991 жж. Л.М. Левинаның жетекшілігімен жетіасар шатқалында кең көлемді Алтын асар, Томпақ асар, Бидайық асар, Кіші және Үлкен Қос-асар мен 700-ге тарта обаларға кешенді қазбалар жасалынды.

Жетіасар әлемдік тарихта өзіндік орны бар ірі мәдениет болып табылады. 1946-1992 жж. Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы Жетіасар мәдениетіне археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл жерден ондаған қалашықтар, елді-мекендер мен қорымдар, архитектуралық ескерткіштер жайлы құнды деректер табылды. Жетіасар мәдениетінің өкілдері қаңлылар екені анықталды. Біздің заманымыздың І мыңжылдығында өмір сүрген қаңлылар туралы қызықты деректерді  парсы және қытай саяхатшылары қалдырды. Қытай жазбаларында: "Қаңлы Даван (Ферғана) қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 2000 ли (1000 шақырым) қашықтықта жатыр. Қаңлы билеушілерінің Лоюени елінде, Битянь қаласында тұрағы бар оның халқы 120000 отбасынан, 600000 адамнан тұрады, әскер саны 120000-ға дейін жетеді"-деп жазылған. Ежелгі ирандық шығарма Авестада (б.з.д. ІІ-І мж.) мынадай аңыз келтіреді "Салт атты құдіретті жауынгер туса құдай анадан Кангадағы қасиетті Хашатросука қақпасындағы Вайсактың ұлдарына қарсы соғыста жәрдем сұрайды". Бұл жерде Канга тұран көсемдерінің резиденциясы болып саналады. Әйгілі Фирдоусидің "Шахнамасында" Канганы Тұран патшасы Афрасиабтың (Алып Ер тұнға) астанасы ретінде көрсеткен.

Сипаттамасы: Теңіз деңгейінен биіктігі 103 м. Қалашық тікбұрышты (ромбқа ұқсас) болып келген, аумағының өлшемдері 5,5 га. Ескерткіш атыс ойықтары бар және сопақтау келген шығыңқы жиырма бекіністі мұнарасы бар бекініс қабырғасымен қоршалған. Саз кесектерден тұрғызылған бекініс қабырғасының ішінде ешқандай құрылыстың ізі байқалмайды. Қамал қабырғаларын зерттеу барысында табылған керамикалық және басқа да материалдар ескерткіштің фортификациялық құрылысының хроникалық шеңберін б.з.ҮІ-ҮІІІ ғғ. мерзімдейді.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Шірік-рабат қалашығы, б.з.д. V-ІІ ғ.ғ.
2 / 5
Асанас кесенесі, ХVІІ ғасыр
3 / 5
Көтібар мұнарасы, ХІХ ғасыр
4 / 5
Асан ата кесенесі, ХVІ ғасыр
5 / 5
Оқшы ата кесенесі, ХІ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.