Томпақ асар қалашығы
Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен оңтүстік-батысқа қарай 60 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 23.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Томпақ асар қалашығы,
б.д.д. ІІ-І ғ.ғ. - б.д. ІV –V ғ.ғ.
Ескерткішті 1948, 1958 жылдары Хорезм экспедициясы зерттеп (С.П.Толстов), 1986-1987 жылдары (Л.М.Левина) кешенді қазба жұмыстарын жүргізген. 2005 жылы Шірік-Рабат археологиялық экспедициясы (Ж.Құрманқұлов, Ә.Тәжекеев) қайта зерттеу жұмыстарын жүргізді. 2012 жылы ЖШС «Тараз» археологиялық орталығы фотофиксация жұмыстарын жасады.
Теңіз деңгейінен 102 м биіктікте орналасқан. Қамал сопақша пішінді. Өлшемдері-75х60 м, биіктігі-11,5 м болып келген жоғарғы алаң солтүстіктен, шығыстан және оңтүстіктен биіктігі 3 м дөңгелек пішінді екінші, төменгі алаңмен құрсауланған. 1979-1981 және 1983-1984 жж жүргізілген қазба жұмыстары барысында жоғарғы алаңның солтүстік және төменгі алаңның солтүстік және шығыс бөліктері аршылып, зерттелген. Қазба барысында көптеген тұрғын жайлары мен фортификациялық құрылыстары бар 11 құрылыс көкжиектерінен тұратын күрделі стратиграфиясы анықталды.