Қаралы асар қалашығы (Жетіасар №6)

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет Ізтілеуов ауылынан батысқа 8 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 23.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Қаралы асар қалашығы (Жетіасар №6),
б.д. VІ-VІІ ғ.ғ.

70-80 жылдары Хорезм экспедициясы (Л.М.Левина) біршама зерттеу жұмыстарын жасаған. 2005 жылы Шірік-Рабат археологиялық экспедициясы (Ж.Құрманқұлов, Ә.Тәжекеев) қайта зерттеу жұмыстарын жүргізген. 2012 жылы ЖШС «Тараз» археологиялық орталығы фотофиксация жұмыстарын жасады.

Теңіз деңгейінен биіктігі 109 м. 

Қалашық шатқалдағы ең ірі ескерткіштердің бірі болып табылады. Екі қабаттан тұратын оның (қамалдың жан-жағынан қоршап жатқан төменгі, үшінші қабаты бар) аумағы 15 га, жеке бөліктерінің биіктігі 28 м-ге жетеді. Екінші алаң 10-12 м биіктікте сақталған. Басқа да жетіасарлық  қалашықтар секілді ескерткіштің беткі қабатында қыш ыдыстың сынықтары мен қызыл ангобты қыш құмыралардың сынықтары кездеседі. Беткі қабатынан жиналып алынған материалдар Жетіасардың барлық үш кезеңіне де тән, яғни, қалашықтың ұзақ уақыт бойы өмір сүргендігін дәлелдейді.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Жент қалашығы. Ү-ХҮІІ ғ. ғ.
2 / 5
Оқшы ата кесенесі
3 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)
4 / 5
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы. Жақаев мүсіні
5 / 5
Христос Спаситель шіркеуі

Ақпарат

    Записей не найдено.