Тік асар қалашығы (Жетіасар №10)
Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет Ізтілеуов ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 25 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 23.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Тік асар қалашығы (Жетіасар №10),
б. д.д. І мыңжылдықтың соңы-б.д. ІV-V ғ.ғ.
70-80 жылдары Хорезм экспедициясы (Л.М.Левина) біршама зерттеу жұмыстарын жасаған. 2005 жылы Шірік-Рабат археологиялық экспедициясы (Ж.Құрманқұлов, Ә.Тәжекеев) қайта зерттеу жұмыстарын жүргізген. 2012 жылы ЖШС «Тараз» археологиялық орталығы фотофиксация жұмыстарын жасады.
Тікасар қалашығы сипаты мен бекініс қабырғаларының жоспары бойынша кіші Қосасар қалашығына, сондай-ақ Бидайық асар қалашығының солтүстігіндегі құрылысына өте жақын келеді. Қам кесектерден тұрғызылған мықты бекініс қабырғаларының биіктігі 13 м. Оның атыс ойықтары орналасқан жерлерінде күмбезді галереясы мен бұрыштары дөңгеленіп келген тікбұрышты мұнаралары бар. Қазба жұмыстары мұнараның ішінде бірнеше мәдени қабаттардың болғандығын, олардың күмбезделгенін, екінші және үшінші қабаттарда қорғаныс дәліздері бар екені анықталған. Қорғаныс дәліздері бар мықты бекініс қабырғаларымен қоршалған тікбұрышты бөбенің көлемі 80х50 м. Осы төбеден батысқа, оңтүстікке және шығысқа қарай созылып жатқан, аумағы 100х55 м болатын территорияны онша биік емес үймек жал түріндегі қабырға қалдықтары қоршап жатыр. Қыш ыдыстар мен басқа да табылған заттар оның ұзақ уақыт бойы (әсіресе, жоғарғы орталық бөлігі) қоныстанғанын, яғни б.з. І мж ортасына дейін өмір сүргендігін көрсетеді.