Құрайлы асар қалашығы

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет Ізтілеуов ауылынан батысқа қарай 14 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 23.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Құрайлы асар қалашығы,
б.д. VІ-VІІ ғ.ғ.

40 ж. Хорезм экспедициясы (С.П.Толстов) анықтап, 70-80 жылдары (Л.М.Левина) біршама зерттеу жұмыстарын жасаған. 2005 жылы Шірік-Рабат археологиялық экспедициясы (Ж.Құрманқұлов, Ә.Тәжекеев) қайта зерттеу жұмыстарын жүргізген. 2012 жылы ЖШС «Тараз» археологиялық орталығы фотофиксация жұмыстарын жасады.

Теңіз деңгейінен биіктігі 112  м. Қалашықтың жоспары көпбұрышты, күрделі пішінді болып келген. Қалашықтың ортасында бұрыштары дөңгеленіп келген шаршы пішінді құрылыс орналасқан. Екі қабатты болып келген оның биіктігі 11 м-ден астам. Төменгі террасаның өлшемдері-80х80 м, үстіңгісі-40х40 м. Төменгі террасаның оңтүстік бөлігінің ортасында кішігірім төбешік бар, сірә, ол кешенге кіретін қақпа болуы мүмкін. Оның қабырғалары тікбұрышты қам кесектерден (40х30х9-10 см) қаланған. Осы төбенің оңтүстігінде, сопақша мұнаралары бар бекініс қабырғаларының ішінде орналасқан кейінгі кезеңдік тұрғын жайлардың қалдықтары сақталған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі
2 / 5
Оқшы ата кесенесі, ХІ ғасыр
3 / 5
Асан ата кесенесі, ХVІ ғасыр
4 / 5
Жент қалашығы, Х-ХV ғасырлар
5 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті

Ақпарат

    Записей не найдено.