Су қыспақты мұнара

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Көмекбаев көшесі, н/з

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 23.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Су қыспақты мұнара,
ХХ ғасыр

Тарих және мәдениет ескерткіштің бір түрі мұнаралар сәлет өнер тындысының ерекше бір үлгісі болып табылады. Сәулет өнерінде мұнаралардың алғашқы формасы қашан, қай уақытта салынғандығы белгісіз. Сонымен қатар, мұнаралар туралы ежелгі жазбаларда көптеп айтылады. Әлемнің жеті кереметінің біріне саналатын Александрия шамшырағының мұнарасы ежелгі дәуірлерде – ақ өзінің ерекше құрылысымен тарихта қалса, кейін Вавилон мұнарасы да көркемдік келбетімен тарих қойнауынан орын алды. Ежелгі сәулет өнерінде мұнаралардың көрініс табуы - грек аңыздары мен әр халықтардың ауыз әдебиеттерінде және жазба әдебиеттерде де көрініс тауып отырды. Мұның өзі мұнаралар тарихының тереңдігін көрсетсе керек. Әлемдік тәжірибиеде мұнаралардың типтік жүйесі ертеден қалыптасты. Мұнара әртүрлі мақсаттарға салынды.

Қай кезеңде болмасын мұнаралар тек жақсы мақсаттарға тұрғызылған. Мұнаралар азаматтық, әскери және табынушылық бағытта салынған сәулеттік құрылыс болып табылады. Сонымен қатар мұнаралар қалаларда төбеден бақылау мақсатында яғни өрттің алдын алу, вокзалдарда, әскери комиссарияттарда, су айдау жүйесінде, ортағасырларды обсервоторияларда аспан әлемін бақылау сияқты қызметтер атқарып отырған.

ХХ ғасырдың басында бумен жүретін паровоздарды сумен қамтамассыз ету үшін салынған мұнаралар. Кейін халықты ауыз сумен қамтамассыз ету мақсатында пайдаланылып келе жатқан мұнаралар. ХХ ғасырдың басында Орынбор – Ташкент темір жолын салудағы кешендік ғимараттарға жатады. Сыр бойында осындай 38 су қыспақты мұнара тұрғызылған. Қазіргі таңда бұлардың көбісі жұмыс жасап тұр. Сәулеттік үлгілері көпқырлы әр түрлі үлгіде салынған. Ресей сәулеттік үлгісінде салынған су қыспақты мұнаралар биіктігіне қарай, сыйымдылығына қарай да бөліп қарастыруға болады. Сыр бойындағы су қыспақты мұнаралар сәулеттік келбеті жағынан бір – бірінен ерекшеленгенімен негізгі құрылыстық формасы ұқсас келеді. Сыр бойы су қыспақты мұнараларының жоғарғы қабатында су сақтайтын орын болса, төменгі қабаты күйдірілген тікбұрыш форматты айшықталып қаланған қыштар ал, жоғарғы қабаты ағаштан салынған болып келеді. Негізгі биіктіктері 15-28 метрді құрайды. Кейбір мұнаралардың жоғарғы маңдайшалы бөлігінде терезелер орналастырылған. Терезелердегі ұқсастықтар аркалы немесе ниша тәріздес болып келеді.

Ескерткіш теміржол вокзалы кешенінің құрамына кіреді, Орынбор-Ташкент теміржолын салу кезеңінде тұрғызылған. Мұнарада екі су сақтайтын орын бар, оның сегіз қырлы тұрқы бұрыштары кесілген (шынына келгенде, қосарланған мұнаралар) тікбұрышты (14х6 м) еске түсіреді. Мұнара екі қабатты, төменгісі күйдірілген тікбұрыш форматты кірпіштерден айшықталып қаланған, жоғарғысы-ағаштан салынған. Ескерткіштің жалпы биіктігі 19 м. Төменгі қабатта машиналық бөлімше, ал жоғарғысында-су сақтайтын орындар орналасқан. Мұнараның ерекшелігі-ұзын жақтарының ортасына жарты циркульді кескіндегі аркалы қуыстардың орнатылуында. Олардың екі жақ бөлігіндегі әр қасбетте сәулелі маңдайшалары бар терезе ойықтары орналасқан. Тура осындай ойықтар ғимараттың бүйір жағында да бар. Ал, қарама-қарсы (солтүстік) жағында мұнараға кіретін есік орналасқан. Барлық ойықтар сталактиттедегі үшбұрышты үшкіл маңдайша түріндегі сандриктермен безендірілген. Терезелер деңгейінен жоғары «қиғаш» қырларда аркалық қуыстар орналасқан. Төменгі қабаттың негізгі-мотивтері-бедерлі белдеуі. Оның үстінен «сиретілген» (төменгі сталактиттердің саны бойынша) «сухариктер» өтеді. Ернеудегі сталактиттердің арасында кішігірім терезелер жасырынған. Жоғарғы қабаты бөренелерден салынып, тақтайшалардың тік және көлденең қатарларымен әсемделіп қапталған. Шатыр құламалы, асылмалы бөліктері бар. Су сақтайтын орындардың үстіне екі шатыр шамы орнатылған (әр су сақтайтын орында бір-бірден), шатыр темір қаңылтырлармен жабылған. Инженерлік талаптардың (су сақтайтын сыйымдылықтарды арттыруда) толық орындалуынан мұнараның архитектурасында бірқатар композициялық өзгерістер пайда болды. Ескерткішті 1979 ж. «Қазжобақалпынакелтіру» институтының экспедициясы зерттеген.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Жанкент (Янгикент) қалашығы, ІХ-ХІ ғ.ғ.
2 / 5
Сауысқандық петроглифтері, қола, ерте темір дәуірлері
3 / 5
Оқшы ата кесенесі, ХІ ғасыр
4 / 5
Көтібар мұнарасы, ХІХ ғасыр
5 / 5
Жетіасар ІІІ (Алтынасар) қалашығы, б. з. д. І мыңжылдықтың соңы- б. з. ІV-V ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.