Мұнаралы мұнарасы

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Кекірелі ауылынан солтүстік-батысқа қарай 35 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 23.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Мұнаралы мұнарасы,
ХVІІІ ғасыр

Мұнаралы мұнарасы Қармақшы ауданы, Кекірелі ауылынан солтүстік-батысқа қарай 35 шақырым жерде, құрғап қалған Жаңадария өзенінің оңтүстік жағалауында орналасқан. Мұнара 1985 жылы «Казпроектреставрация» институтының экспедициясымен зерттелген. 2011 жылы мұнара «Археологиялық сараптама» ЖШС барлау жасағымен зерттелді. Мұнараның қабырғалары сазды ерітіндіде аршылған кірпіштен тұрғызылған. Кірпіштің өлшемдері-7,5(8)х18(19)х33(34,5) см. Мұнараның жалпы биіктігі-7,4 м. Қабырғаларының қалыңдығы-145 см. Мұнараның табаны цилиндрлі болып келген (диаметрі-5,2 м, биіктігі-1 м), қам кесектен тұрғызылған. Құрылыс биіктігінің төменгі, шамамен 1/3 бөлігі цилиндрлі пішіндес (диаметрі-4,5 м), содан ортаңғы бөлігі кескіні шошақ пішінге ауысады және ернеулермен аяқталады. Мұнараның цилиндрлі шахтасы (диаметрі-1,5 м) барабандағы күмбезбен жабылған. Терезеге мұнараның қабырғасына орналастырылған бұрандалы баспалдақпен шығады. Баспалдақ қазір жабылып қалған. Мұнараның кіреберісі оңтүстік-батыс жағынан сүйір ойық түрінде жасалған. Шахтаның төменгі бөлігінде бір-біріне қарама-қарсы екі тікбұрышты ойықтар бар. Мұнараның сыртқы және ішкі беттері қалыңдығы 4-4,5 см әкті сылақпен, ені 35-36 см болатын белбеулермен әрленген, бүгінгі күнге дейін екі сыртқы белбеулер сақталған. Баспалдақтың қабырғалары қалыңдығы 6 см болатын әкті ерітіндімен сыланған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Бегім ана мұнарасы, ІХ-ХІ ғасырлар
2 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар
3 / 5
Шіркеу, қазіргі - теміржолшылар клубы ғимараты, 1904 жыл
4 / 5
Шірік-рабат қалашығы, б.з.д. V-ІІ ғ.ғ.
5 / 5
Асан ата кесенесі, ХVІ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.