Неолит дәуіріндегі адамдар тұрағы
Мекен жайы: Арал ауданы, Арал қаласынан шығысқа қарай 6 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 07.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
тарихы: Неолит, жаңа тас дәуірі (грек. neos – жаңа және lіthos – тас) – шамамен б.з.б. 5500 – 3000 жылдарды қамтитын тас дәуірінің ең соңғы кезеңі. Неолиттің қалыптасуы мен аяқталуы жер шарының әр түрлі аудандарында әр қилы уақытта өтті.
Сипаттамасы: Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай — бұлақтык, өзендік, көлдік, үңгірлік тұрақ деп төрт түрге бөлінеді. Әдетте өзендік тұрақтарда, сондай-ақ көлдік үлгідегі тұрақтарда едәуір көп заттар табылады; мұның өзі бұл жерлерде адамның тұрақты немесе ұзақ уақыт тұрғанын көрсетеді. Мұндай тұрақтардағы негізгі құрал-саймандар — пышақ тәрізді қалақтар және солардан жасалған заттар.
Ескерткіштен найзаның ұшы, ретуші бар пышақ тәрізді пластиналар және қыш ыдыстың сынықтары жиылып алынған. Қазіргі уақытта ескерткіштің орны сақталмаған.