Ақмамбет кесенесі
Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Кекірелі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 22 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 25.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Ақмамбет кесенесі,
ХІХ ғасыр
Тарихи мәліметтер: Ескерткіштің авторы, қашан, кімнің салғандығы жайлы мәлімет жоқ. Ескерткіш Ақмамбет тақырының оңтүстігінде кесектен жасалған қоршаулардың арасында орналасқан.
Кесене өлшемі 6х15х37 см болатын кесектерден қаланған. Биіктігі 5 м, бұрыштарымен дүниенің төрт тарабына бағытталған. Бетше құрылыстың толық көлемімен сәйкес болып жасалған, биіктігі 3 м. Ішкі бөлменің өлшемі 4х4 м, қабырғалардың биіктігі 2 м. Бөлменің ортасында қабір орналасқан. Кесене толығымен сылақпен сыланған, күмбезі және бетшесінің бір бөлігі қирап қалған.