Төлеген қатын кесенесі
Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Тәйімбет Көмекбаев ауылынан шығысқа қарай 26 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 25.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Төлеген қатын кесенесі,
ХІХ ғ. басы
Төлеген қатын кесенесі бетшелі-күмбезді, қамз кесектен тұрғызылған. Кесененің биіктігі 4,5 м. Жерлеу камерасының жоспары шаршы пішіндес, сыртқы жағынан көлемі 4 м құрайды. Онда төрт қабір қойылған. Аркалы ауызы оңтүстік-шығысқа бағыттылған. Конус тәрізді күмбезі қалыңдығы 1,2 м мықты қабырғасына отырғызылған. Құрылыс көлемі шамамен 81 м³. Кесененің ішкі қабырғасында сабан сылақтың ізі көрінеді.