Тұрмағамбет Ізтілеуовтің ескерткіш таңбасы

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет Ізтілеуов ауылы, Ешнияз сал көшесі, 1

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 25.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Тұрмағамбет Ізтілеуовтің ескерткіш таңбасы,
ХХ ғасыр

Өмірдерегі:

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы (9 шілде 1882, қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылы – 15 мамыр 1939, сонда) – ақын, аудармашы.

Алғаш Алдашбай ахуннан сауат ашқан. Бұхара қаласында әуелі “Мир Араб” (1896–1899), кейін “Көкілташ” медреселерінде (1896–1905) оқыған. Араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгерген. Өзі медреседе оқи жүріп қарақалпақ елінде бала оқытқан. Осы тұста “Шәкірттерге”, “Ұстаз ұсынысы”, “Шөлмек” өлеңдерін жазған. 1905–1925 жылы ауыл мектебінде мұғалім, 1936–1937 жылы Қазақстан Халық ағарту комиссариатында ғылыми қызметкер болған. Ақын алғашқыда өз ауылындағы Қожабай, Алдашбай, Ораз, Қалжан ахундардың, яғни сол кезеңдердегі білімге аса бай, елді ауызына қаратқан шешен, бала оқытқан ишандардың алдынан мұсылманша білім алып, өзінің өте зеректігін ұстаздары алдында ерте танытады. Аса алғыр баланың бойындағы ерекше талантты байқаған ұстаздары оны сол кездегі Таяу, Орта, Шығыс және Орта Азия елдерінің ұлық тұтатын, XVI ғасырдан білім ордасы саналатын Бұхарадағы әйгілі оқу орны – “Мир Араб” медресесіне оқуға аттандырады. Ол 1899 жылдан бастап сондағы “Көкелташ” медресесінде оқиды. Белгілі мәдениет қайраткері, Тәжік Ғылым Академиясының алғашқы президенті, академик жазушы Садриддин Сайдмұратұлы Айни да (1878-1954) осы жылдары “Көкелташ” медресесінің шәкірті болғаны анық. Тұрмағамбет пен Садриддин осында танысып, дос болып , осы медресені бірге тәмәмдаған, бір-бірін ұлық тұтып, үлкен сыйластықта болғаны мәлім. Тұрмағамбет ақын осы медресе қабырғасынан білім ала жүріп, оның бай кітапханасынан Шығыстың ежелгі мол мәдени, әдеби мұраларын еркін аударып оқи білген. Ол арабтың классикалық дүниесі “Мың бір түнін”, үндінің “Тотынамасын”, парсының “Шаһнамасын”, Шығыстың жеті жұлдызы саналатын ақындар шоғырының шығармаларымен толық танысқан. 1937 жылы “Халық жауы” ретінде жалған жазамен сотталады. 1939 жылы жазасының жалған екені анықталып түрмеден шығады. Осы жылдары ақын өмірден озады.

Ескерткіштің сипаттамасы:

Тұрмағамбет Ізтілеуовке қойылған белгі-бұл сегізбұрышты күмбезді ескерткіш. Айналасындағы тегіс ландшафтан биіктеу орналасқан. Ескерткіш сегізқырлы призма түрінде, күмбезбен көмкерілген. Дөңгелекше келген негізге орналасқан, айналасына баспалдақтар салынған. Сегізқырлы негіз сегізқырлы колоннасы бар портпен жабылған. Колонналарға негізделген аркалар екі қима түрінде салынған (тең бүйірлі үшбұрыш түрінде). Осыған ұқсас аркалық қуыстар сегіз бұрышты негіздің барлық бұрыштарында бар. Оңтүстікке бағытталған шетте кіреберіс есік салынған, есік қос жармалы, ағаштан жасалған. Ескерткіш күмбезі жарты шар іспетті. Қасбетті түрлі-түсті өрнектері бар мозаикалармен қапталған (күмбез көк түсті). Сегізқырлы призманың биіктігі 4,5 м, күмбездің биіктігі 2 м. Әрбір қырлы приманың ені 128 см.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Айқожа кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
2 / 5
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы. Жақаев мүсіні, 1975 жыл
3 / 5
Құттыбай кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
4 / 5
Асан ата кесенесі, ХVІ ғасыр
5 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.