Бекетай кесенесі

Мекен жайы: Арал ауданы, Аққұлақ ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 4,9 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 08.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Бекетай кесенесі
ХІХ ғ.

Маңызы:

Жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш

Ескерткіш Сырдария өзенінің оң жақ жағалауының жайпақ үстіртінің орталығында, аршылмаған жерлеу қоршаудан және қираған кесенеден тұратын қорымның солтүстік бөлігінде орналасқан.Жергілікті тұрғындардың әңгімелері бойынша (Құлсейіт Оразалиев, 1913 жылы туылған), Бекетай кесенесін (әлім руы) жергілікті шебер Нұрымбет-ұста Бекетай есімді қызының тапсырысы бойынша соққан.

Кесене Сырдария сағасы мен Қуаңдария өзенінің аңғарындағы бүйір жағындағы маңдай беттегі кіре беріс ойығы бар екі камералы ескерткіштердің дәстүріне жатады. Ескерткіш жоспары жағынан 8,5х10,0 м. болатын 6х12х23 см тікбұрышты күйдірілген кірпіштен соғылған. Кесене порталды-күмбезді, екі камералы, камераның белағаштары Т-бейнелі орналасқан. Кесене күйдірілген кірпіштерден соғылған және бұрыштары әлемнің төрт бұрышына қарай бағытталған. Кіру камералары ұзындығы 6,5 м., ені 1 метр болатын, биіктігі 3,5 м. қабырға құламасы түріндегі күмбезбен жабылған ұзын әрі тар дәлізге ұқсайды. Кіру ойығы бүйір жағында орналасқан және оңтүстік-шығысқа қарай бағытталған. Жерлеу камерасына кіреберіс солтүстік-шығыс қабырғаның ортасына қойылған. Осы дәліздің солтүстік-батыс (бүйір жағындағы) қабырғада «тар» терезе жасалған. Кіреберіс бөлменің оңтүстік-батыс қабырғасы өзгеше биік емес, бірақ ұзынша келген портал түрінде орындалған, бұл бөлменің ұзындығынан анағұрлым кең және қабырға түрінде оның сыртына шығып тұр. Өлшемі 5х5 м, жоспары жағынан төрткүл кіреберіс камера, өлшемі 8х8м, биіктігі 2,5 м негізгі төрткүл тұлғаға үйлескен. Құрылыстың сыртқы бұрыштары күмбез тәрізді жоғарыда орналасқан ауыртпалығы бар дөңгелек дүңгілшелермен безендірілген. Камера зенитті саңылаулы параболалық көріністегі күмбезбен мықтап жабылған, күмбез биік емес күмбез асты барабанға орналастырылған. Кесененің күмбезбен бірге қосқандағы жалпы биіктігі 7 м. Кесене әшекейлі кірпіш қалауымен безендірілген. Порталды жазықтық бір-бірінен төрт қырлы ұстынмен және әшекейлі белбеулермен бөлініп тұратын, жұқа тақтайдың екі қатарымен бөлшектелген, жұқа тақтайлардың ортаңғы бөліктері қос шаршы қиықтармен белгіленген. Орталығындағы әшекейленген қалауы бар картуштар басқа да қасбеттерде да бар. Интерьер зерлі көлденең бөлшектермен қаныққан. Камера қабырғаларының төменгі бөлігінің ортасына осы аркалардың табан жағында бірінен соң бірі дәйекті салбырап тұратын кірпіштер қатары түріндегі арка ойықшасы және ерекше таяқша орнатылған. Арка ойықшасының үстіне бұл қатарлар өз көріністерімен осы аркалардың архивольттарын қайталайтын, сүйір фигуралар құрастырады, осы арқылы нақты бір ерекшелік жасайды. Күмбездің табаны камерадан, шығып тұрған қалаулар қатарынан жасалған, «кептірілген» кірпіш сарынымен күрделендірілген ернеумен бөлініп тұр. Күмбездің жоғары бөлігінде сәндік белбеу орнатылған. Ескерткіш бастапқы бейнесін аздап жоғалтуына байланысты қайта жөндеуден өткізілген. Дегенмен, бүгінгі күні кесене қарқынды түрде қирап барады. Салмақ түсетін қабырғаларында айтарлықтай жарықтар пайда болған, кірпіштердің көп бөлігі құлап қалған. Күмбезді төрт мұнараның үшеуі қирап қалған (шығыс бөлігі ғана сақталып қалынған).

Ескерткіштің жалпы жай-күйі: апатты жағдайда. Алғашқы қалпын аздап бұзылуына байланысты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгенге ұқсайды. Қазіргі уақытта кесене қарқынды бұзылуда. Қабырғаларында айтарлықтай жарықтар пайда болған, кірпіштердің бір бөлігі құлап жатыр. Төрт мұнарасының үшеуі қираған (тек шығыс мұнарасы сақталған).

Кесененің сәулеті Сырдарияның төменгі ағысында кеңінен тараған жеке көркемдік нұсқасын дамытады және ХІХ ғ. орыс сәулетінің «кірпіш стилінің» әсері байқалады.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, депутаттар кеңесінің ғимараты, қазіргі – Ғ. Мұратбаевтың мемориалдық музей ғимараты,ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы
2 / 5
Ақтас мешіті, 1884 жыл
3 / 5
Бақатам кесенесі, ХІХ ғасыр
4 / 5
Шірік-рабат қалашығы, б.з.д. V-ІІ ғ.ғ.
5 / 5
Асан ата кесенесі, ХVІ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.