Бұрынғы қыздар приход училищесі ғимараты (қазіргі дүкен), 1878 жыл

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Училищная көшесі, 21

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 25.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Тарихы: «Бұрынғы қыздар приход училищесі» ғимараты (қазіргі Аль-асад дүкені) ХІХ ғасырға тән сәулет үлгісінде салынған Қызылорда қаласындағы ең ескі құрылыстарының бірі болып табылады. Бұл ғимарат 1878 жылы инженер, генерал Брюноның жобасы бойынша негізі қаланып, қыздар приход училищесі болып ашылды. Бұл ғимаратта төрт класты қазақ жастарын аудармашылыққа дайындайтын түземдік мектеп болған. Қазан төңкерісінен кейін, 1925-29 жылдары республикалық баспахана (типография) қызметін атқарып, осы типографиядан республикалық «Еңбекші Қазақ» (кейіннен Егемен Қазақстан) және «Советская степь» (кейіннен Казахстанская правда) газеттері басып шығарылған. 1929-1973 жылдары облыстық кітапхана, кейінгі уақытта тігін-тоқыма фабрикасының үйі орналасты. 90 жылдары жекешелендіріліп, қазіргі уақытта сауда үйі орналасқан. Ғимарат қаламыздың құрылуындағы ең алғашқы сәулет өнерінің үлгісі болып табылады. 1878 жылы күйдірілген кірпіштен салынған. Іргетасы бетон. Төбесі шатырланған. Ғимарат қасбеті ою-өрнектеліп өрілген. Алдыңғы қасбетінің орталық бөлігінде «1878 г» деген жазу бар. Ғимарат қаламыздың құрылуындағы ең алғашқы сәулет өнерінің үлгісі болып табылады. 

Сипаттамасы: Ғимарат бір қабатты күйдірілген кірпіштен салынған. Жоспары бойынша формасы «Г» түрдес. Едені бетоннан және плитадан. Сонымен қатар, ғимарат қабырғасына 2017 жылы «Мұстафа Шоқай 1899-1902 жылдары аралығында осы Перовск училищесі ғимаратында оқыды» делінген тақта орнатылды. Ғимарат «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» жобасы аясында «Өңірлік қасиетті нысандар» тізіміне енгізілген. QR-код тақтайшасы орнатылған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Жанкент (Янгикент) қалашығы, ІХ-ХІ ғ.ғ.
2 / 5
Бақатам кесенесі, ХІХ ғасыр
3 / 5
Сығанақ қалашығы. Х-ХVІІІ ғасырлар
4 / 5
Бегім ана мұнарасы, ІХ-ХІ ғасырлар
5 / 5
Айтбай мешіті, 1878 жыл

Ақпарат

    Записей не найдено.