Бәсібек сағанатамы
Мекен жайы: Арал ауданы, Аққұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 5 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 08.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Бәсібек сағанатамы,
ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ.
Маңызы:
Жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш
Қоршау күйдірілген кірпіштен тұрғызылған және бұрыштарымен әлемнің төрт бұрышына қарай бағытталған. Жоспары 8х10 м қоршау алып өлшемді, құрылыстың биіктігі 5 м. дейін жетеді. Ескерткіш дәліз кейіпті камерадан және призмалы көлемдегі жерлеу қоршауларынан тұрады. Қоршаудың сырқы бұрыштары солтүстік және шығыс диаметрлері 1,3 метрге жететін үш төрттен бірлі мұнарамен бекітілген. Құрылыс әшекейлі қалаулармен өте сәнді безендірілген.