Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет орталығы ғимараты, 1959 жыл
Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Қазыбек би көшесі, 21
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 25.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Тарихы: Асқар Тоқмағамбетов (19 қыркүйек 1905 жыл, Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы қазіргі Сырдария ауданы), бұрынғы 18-партия съезді атындағы кеңшар – 21 тамыз 1983, Қызылорда қаласы, қазақтың ақыны, жазушысы. 1932 жылы Мәскеу полиграфия институтын бітірген. "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") (1927-1930), "Ленин жолы" (Қызылорда, 1933—1934), "Қазақ әдебиеті" (1934-1935), "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") (1937-1944) газеттерінде, "Ара" журналында қызмет істеді. Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент (1935—1937), Қызылорда (1944-1952, 1957-1962) облысаралық бөлімшелерінің жауапты хатшысы болды. 1925 жылы "Ленин суретіне" атты өлеңі тұңғыш рет "Еңбекші қазақ" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінде жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы 1928 жылы "Еңбек жыры" деген атпен жарық көрді. Таңдамалы шығармаларының жинақтары бірнеше рет (1932, 1933, 1945, 1953, 1957, 1962, 1965, 1975 жылдары) жарық көрді. Тоқмағамбетов ақындық жолының алғашқы кезеңінде (1925-1930) отаншылдық тақырыбына арналған шығармалар жазды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жауынгерлердің майдандағы ерліктерін, халықтар достастығы, соғыстан кейінгі жылдарда бейбіт өмір тынысын өз шығармаларына арқау етті. Тоқтағамбетов қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосқан. Оның поэмаларының тақырыбы, түрі жағынан төрт топқа бөлуге болады: кеңшар, ауыл өмірі; елге еңбегі сіңген тарихи адамдарға арналған шығармалары; Отан қорғау, ерлік; халықтар достығы тақырыптары. 1-дәрежелі Отан соғысы, 3 рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
Сипаттамасы: Ғимарат жалпы құрылысы үш қабатты күйдірілген кірпішпен қаланып салынған. Қасбеті сыланып, әкпен боялған. Ғимараттың төменгі қабатының сыртқы беті қара жапсырмалармен қапталған. Ескерткіштің ішкі және қасбет бетінде ұлттық нақышта кесіліп дайындалған гипстермен қапталған. Ғимараттың жоспары үш негізгі симметриялы түрде орналасқан бөліктен тұрады. Орталық бөлігінде көрермендерге арналған зал мен дайындалуға арналған бөлмелерден тұрады және қызметкерлерге арналған бөлме мен киім сақтайтын гардеробтан тұрады. Ескерткіштің екі бөлігінде де дайындыққа арналған бөлмелер мен әкімшілік қызметкерлерге арналған шағын бөлімшелерден тұрады. Ғимараттың кіре берісі аркалы колоналардан тұрады.Колоналардың артқы бетінде үлкен аумақты аула орналасқан. Бірінші қабаттың терезе тұратын орны тікбұрышты, ал екінші қабаттағы терезелер орны аркалы түрде жасалған. Ғимараттың бұл құрылысы қаланың басты мәдени құрылысына айналды. Ғимаратта қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, клубтар және халықтық ұжымдар орналасқан. А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет орталығы үш қабатты, көрермендер залы 300 адамға есептелген. Ғимараттың алдыңғы фасады Қазыбек би көшесіне қараған. Жоспарында үш қабатты, классикалық үлгіде күйдірілген кірпіштен қаланған, фасады сыланған. Іргетасы қара плита тастармен қапталған. Қасбетінде және бөлек жерлерінде ұлттық стильде гипстен ою-өрнектер, декоративті жазулар салынған. Жоспарында ғимарат симметриялы үш негізгі павильоннан тұрады. Орталық бөлігінде көрермен залы, дайындық бөлмелері, киім шешу орны мен қызметкерлерге арналған бөлмелер орналасқан. Алдыңғы жағынан орталық павильонға жапсарласа салынған бөліктерде дайындық өткізуге арналған залдар, әкімшілік-шаруашылық қызметкерлеріне арналған бөлмелер орналасқан. А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет орталығы 1959 жылы салынған. 2014 жылы ғимаратқа қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Ғимарат Қызылорда облысы бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерінің 3D форматтағы интерактивті (www.virtualmap.xyz/be/10-pamyatniki-kaz/177) картасына енгізілген. QR-код тақтайша орнатылған.