Су қыспақты мұнара, 1905 жыл
Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Орынбай Жанәділов көшесі, н/з
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 25.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Тарихы: Мұнара - ХХ ғасырдың басында бумен жүретін паровоздарды сумен қамтамасыз ету үшін салынған. Кейін халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылып келген. ХХ ғасырдың басында Орынбор – Ташкент темір жолын салудағы кешендік ғимараттарға жатады. Сыр бойында осындай 38 су қыспақты мұнара тұрғызылған. Сәулеттік үлгілері көпқырлы әр түрлі үлгіде салынған. Ресей сәулеттік үлгісінде салынған су қыспақты мұнаралар биіктігіне қарай, сыйымдылығына қарай да бөліп қарастыруға болады. Сыр бойындағы су қыспақты мұнаралар сәулеттік келбеті жағынан бір – бірінен ерекшеленгенімен негізгі құрылыстық формасы ұқсас келеді. Сыр бойы су қыспақты мұнараларының жоғарғы қабатында су сақтайтын орын болса, төменгі қабаты күйдірілген тікбұрыш форматты айшықталып қаланған қыштар ал, жоғарғы қабаты ағаштан салынған болып келеді. Негізгі биіктіктері 15-28 метрді құрайды. Кейбір мұнаралардың жоғарғы маңдайшалы бөлігінде терезелер орналастырылған. Терезелердегі ұқсастықтар аркалы немесе ниша тәріздес болып келеді.
Сипаттамасы: Мұнара 1905 жылы патшалық ресейдің тұсында салынған. Мұнара сегіз қырлы жоспарда, екі бөліктен тұрғызылған. Бірінші бөлігі күйдірілген кірпіштен қаланып, екінші бөлігі ағаштан тұрғызылған. Мұнараның биіктігі
Мұнара Қызылорда облысы бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерінің 3D форматтағы интерактивті (www.virtualmap.xyz/be/10-pamyatniki-kaz/178) картасына енгізілген. QR-код тақтайша орнатылған.