Облыстық әскери комиссариаттың шақыру пункті ғимараты (бұрынғы казарма), ХІХ ғасырдың аяғы

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, И.Тоқтыбаев-2 тұйығы, ғимарат 1

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 25.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Тарихы:  Ғимарат Орынбор Генерал губернаторлығының тапсырысымен ХІХ ғасырдың аяғында салынған. Құрылысты жүргізген авторлар туралы мәлімет жоқ. Ғимарат 1985 жылғы зерттеу экспедициясы тарапынан есепке алынып, құжаттары жасалынған. Ғимарат ХІХ ғасырдағы сәулет өнерінің деңгейін бейнелейді. Кеңес уақытында және тәуелсіздік жылдарында ғимарат әскери комиссариаттың шақыру пункті негізінде қызмет еткен. 2000 жылдары әскери комиссариаттың басқа ғимаратқа көшуіне байланысты ғимарат қараусыз қалған. 2005 жылы жөндеу жұмыстары жүргізіліп,  мемлекеттік мекемелер орналастырылған. 2014 жылы ғимаратқа толық қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, қорғау аймағы бойынша қоршалған. Қазіргі уақытта ғимарат Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде. Сондай-ақ, ғимаратта Көркемсурет галереясы орналасқан.

Сипаттамасы: Ғимараттың ұзындығы 62 м, ені 14 м. Құрылыс аумағы 810 шаршы м. Ескерткіш бұрынғы Ақмешіт бекінісінің қамалы аймағында, Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан. Ғимарат күйдірілген кірпіштерден тұрғызылған, іргетасы таспалы, нығыздалған тастардан қаланған. Ғимарат екі қабатты, жоспарында созылған тікбұрышты, негізгі және артқы қасбеттердегі шығыңқы ризалиттермен өрілген. Ғимарат айқын жоспарланған құрылымдардан тұрады. Ғимараттың архитектурасы «кірпіш стиліндегі» өзінің әсем мүмкіндіктерін қажетті деңгейде пайдаланғанын көрсетеді. Ғимарат Қызылорда облысы бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерінің 3D форматтағы интерактивті (www.virtualmap.xyz/be/10-pamyatniki-kaz/179) картасына енгізілген. QR-код тақтайша орнатылған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, депутаттар кеңесінің ғимараты, қазіргі – Ғ. Мұратбаевтың мемориалдық музей ғимараты,ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы
2 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.з.д. VІ-ІІ ғасырлар
3 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі
4 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)
5 / 5
Құтқарушы Христос шіркеуі, ХІХ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.