Теміржолшылар клубы ғимараты, 1924 жыл

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Әуелбеков көшесі, 41

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 25.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Тарихы: Ескерткіш – ХХ ғасырдың 20-жылдары КСРО-да кең тараған жұмысшы клубтарының бірі. Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалы маңында орналасқан. Ғимаратта 1924-1990 жылдар аралығында В.И.Ленин атындағы теміржолшылар клубы, 1991 жылы жекеменшікке, 2000 жылы мемлекет меншігіне өткен. 2000-2015 жылға дейін халық шығармашылығын дамыту орталығы, 2015 жылдан облыстық филармониясы орналасқан.

Сипаттамасы: Ескерткіштің күйдірілген кірпіштен тұрғызылған, іргетасы таспа түрінде кесек тастардан қаланған. Ғимарат бір қабатты. Композицияның өзегі болып фойе және әртүрлі клуб бөлмелері жалғасқан көрермен залы саналады. Ғимараттың негізгі қасбеті (оңтүстік-батыс) үш ризалитке (ортасындағы ғимаратқа кіретін есік орналасқан) негізделген симметтриялық композицияға ие. Ғимарат шатыры екі еңісті, шатыр асты құрылыстары ағаштан істелген, үсті қаңылтырмен жабылған. Қызылорда облысы бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерінің 3D форматтағы интерактивті (www.virtualmap.xyz/be/10-pamyatniki-kaz/180) картасына енгізілген. QR-код тақтайша орнатылған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Асанас кесенесі, ХVІІ ғасыр
2 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІІ ғасырлар
3 / 5
Қорасан ата кесенесі, ХІХ ғасырдың аяғы
4 / 5
Сығанақ қалашығы. Х-ХVІІІ ғасырлар
5 / 5
Құттыбай кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.