Теміржол милициясы ғимараты (қазіргі "Ақмешіт" музейі), 1905 жыл
Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Әуелбеков көшесі, 8
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 28.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Тарихы: Ескерткіш Орынбор – Ташкент темір жолын салу кезінде тұрғызылған ескерткіштер қатарына жатады. Сонымен қатар сәулет ескерткіші болып табылады. Ғимарат 1905 жылы күйдірілген кірпіштен орыс архитектурасы негізінде салынған. 1917 жылы әскери казарма болған. 2004 жылы ғимарат қайта қалпына келтіріліп, «Ақмешіт музейі» болып ашылды. Бұл архитектуралық ескерткіштің әдемілігі өткен ғасырдан өлкеміздегі сәулет өнерінің даму деңгейін көрсетеді. Ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіліп, музей экспозициясы жасалды. Оған Орынбор-Қызылорда-Алматы-Астана жайлы құнды құжаттар экспонаттар қойылған. Қазіргі таңда бұл ғимаратта «Ақмешіт» музейі орналасқан. Десек те бұл музей Қызылорданың Қазақ ССР-інің астанасы болғанына 80 жыл толуына байланысты ашылды.
Сипаттамасы: Ғимараттың архитектурасы бір қабатты, жалпы көлемі – 175,16 кв. м. Қасбетінің шеткі бөлігі шығыңқы келген. Шеткі бөліктерінің төбесі екі жақты құламалы шатыр болып келтірілген, негізгі орташа бөлігінің төбесі де сол түрде, бірақ көлденең болып келеді. Ғимараттың қасбеті 7 тік пилястрлермен әшекейленген. Әр пилястрдің ортасына терезелер салынған. Ғимарат төрт ірі жапсарлас бөлімнен құрастырылған. Ғимараттың барлық сыртқы қабаттарында әйнектер орналасқан. Әр бөлім бірнеше бөлмелерден тұрады. Жалпы бөлмелердің саны 13, оның ішінде 3 кіреберіс бөлме, 7 негізгі бөлме және 3 әжетхана бөлмесі бар. Бар бөлмелер бір-бірімен жапсарлас құрылған. Ең ірі бөлменің көлемі 39,8 м. Қызылорда облысы бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерінің 3D форматтағы интерактивті (www.virtualmap.xyz/be/10-pamyatniki-kaz/181) картасына енгізілген. QR-код тақтайша орнатылған.