Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ғимараты, 1953 жыл

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, 20

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 28.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Тарихы: 1980 жылы облыстық атқару комитетінің шешімі бойынша мұражайға екі қабатты үй бөлінді де, 1985 жылдың 7 мамырында  өз жұмысын бастады. Музей орналасқан бұл ғимараттың өзі 1953 жылы салынған қаламызды көркейтіп тұрған архитектуралық ескерткіштердің бірі. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі Сыр бойының  өткені мен бүгіні жайлы баяндайтын үлкен мәдениет орталығы болып табылады. Музей  жанында  «Ақмешіт» музейі,  Көркемсурет галереясы және «Қала тарихы музейі»  жұмыс  істейді. 2015 жылы облыстық музейде реконструкция және реэкспозиция жұмыстары жүргізіліп, музей жаңа заманауи кейіпке енді. 2014 жылы Сыр елінің жергілікті суретшілері мен қолөнершілерінің шығармашылықпен еркін айналысуына мүмкіндік беретін тұңғыш Көркемсурет галереясы ашылды. Қазақстан Республикасына белгілі қылқалам шеберлерінің туындылары галерея экспозициясынан орын алып отыр. Қуантарлығы, жергілікті қылқалам шеберлері жұмыс жасайтын шығармашылық бөлмелер де галерея ғимаратында қарастырылған. Реэкспозициялық жұмыстардан кейін облыстық музей заманауи экспозициямен жабдықталып, заман талабына сай, келушілердің сұранысына жауап бере алатын мәдени орталыққа айналды. Музей осы күнге дейін адамды мәдени ортаға баулудың құралына айналып, компьютерлік технологияларға, яғни виртуалды әлемге қарсы тұратын кеңістік ретінде танылып келді. Қазіргі таңда музей жаңа қарқынды даму жолына түсті. Музей ісі жаңа компьютерлік технологиялармен бірге дамуда. Мультимедиялық презентациялар, сенсорлы моноблоктар, «Музеолог» бағдарламасы, т.б. осыған дәлел. Мысалы, әр зал LED телевизорлармен жабдықталған. Экспозицияны ашатын видеоматериалдар қосымша құрал ретінде халыққа ұсынылып отыр. Фойелерде орналастырылған сенсорлы моноблоктар музей әлеміне виртуалды енуге, музей қорындағы зергерлік және этнографиялық бұйымдар коллекциясын және т.б. тамашалауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда музей қорында 56000-нан астам экспонат сақталуда, оның 4502 экспонаты музейдің 11 экспозиция залдарында орналасқан.

Сипаттамасы: Ғимарат «Г» - әрпі үлгісімен салынған қос қабатты болып келген. Жоспарлы өлшемі 13х45 м. 1980 жылы облыстық халық депутаттары атқару комитетінің шешімі бойынша музейге екі қабатты бұрынғы қонақ үй ғимараты беріліп, 1985 жылы 7 мамырда ашылды. Музей орналасқан бұл ғимарат 2 қабатты, қызыл кірпіштен, доға тәріздендіріліп, 1953 жылы салынған. Ғимараттың алды мен жоғарғы жағы шығыңқы, бедерлі бағаналармен безендірілген. Сыртқы есіктің және бірінші қабаттағы терезелердің жоғарғы жағы доға тәріздес. Бірінші қабаттың кіре беріс алаңы да бағаналармен безендіріліп, екінші қабатқа көтерілетін баспалдаққа жалғасады. Ғимарат қаладағы ең көркем архитектуралық ескерткіштердің қатарына жатады. 2011 жылы жылы күрделі жөндеуден өткен. Қазіргі таңда ғимаратта облыстық тарихи-өлкетану мұражайы орналасып жұмыс жасайды. Ғимарат Қызылорда облысы бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерінің 3D форматтағы интерактивті (www.virtualmap.xyz/be/10-pamyatniki-kaz/185) картасына енгізілген. QR-код тақтайша орнатылған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті
2 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.з.д. VІ-ІІ ғасырлар
3 / 5
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы. Жақаев мүсіні, 1975 жыл
4 / 5
Құттыбай кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
5 / 5
Шірік-рабат қалашығы, б.з.д. V-ІІ ғ.ғ.

Ақпарат

    Записей не найдено.