Қаналы мешіті, ХІХ-ХХ ғасырлар

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Абай ауылынан солтүстікке қарай 35 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 28.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Тарихы: Қаналы – Жаппас руының Қараша аталығынан шыққан, жиырма бес жасында болыстыққа сайланған адам. Қаналы елге сыйлы әрі жайлы болып, жиырма жыл бойы «Айнакөл» болысын Қазақ даласына даңқын шығарады. Қаналы мешітінің салынуы шамамен 1880 жылдарды меңзейді. Ел арасында «Ақша керек болса Қаналыға бар, ақыл керек болса Жаналыға бар» деген сөз ағайынды Қаналы мен Жаналының ел алдындағы беделінің, еңбегінің айғағы деуге болады. Қаналы 45 жасында Үш Жүздің басы қосылған үлкен жиында көз тиіп қайтыс болады. Ол кісінің сүйегі Қостанай өңіріндегі «Орқаш» деген жерде, «Бесмола» қорымында жерленген. Бұл кез 1926-1927 ж.ж. меңзейді.

Сипаттамасы: Мешіт пен минарет бір-бірінен 2 метр арақашықтықта орналасқан. Мұнара биіктігі 3 м. Сыртқы қабырға қалыңдығы – 60 см. Мешіттің жоспардағы өлшемі – 15,9х8,5 м. Қабырға биіктігі – 4 м. Құрылыс аумағы – 544 куб.м. Минарет көлемі – 87,6 куб. м. Бұл аталған ескерткіш зерттеуді және қайта қалпына келтіру жұмыстарын қажет етеді.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Бәбіш-Мола ескерткіштер кешені, б.з.д. ІV-ІІ ғасырлар
2 / 5
Оқшы ата кесенесі, ХІ ғасыр
3 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХVІ ғасыр
4 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.з.д. VІ-ІІ ғасырлар
5 / 5
Ақтас мешіті, 1884 жыл

Ақпарат

    Записей не найдено.