Әлия Молдағұлова мүсіні, 1977 жыл

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, № 112 мектеп ауласында, Әлия Молдағұлова көшесі, н/з.

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 28.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Тарихы: Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова - Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ қызы. Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор. Шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты. 1925 жылы 25-қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхамбет және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрады. Ал 1935 жылдан бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектепте оқиды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйінен Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді. 1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 жылы 14-қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.

Сипаттамасы: Батыр қыздың ерлігін ұлықтау мақсатында 1977 жылы Қызылорда қаласы №112 мектеп ауласына Әлия Молдағұлованың мүсіні орнатылды. Мүсіннің биіктігі-120 см, мрамордан жасалған. Төртбұрышты тұғырға орнатылған,биіктігі 160 см, бетоннан жасалған және сырты мрамор плиталармен қапталған. QR-код тақтайша орнатылған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қарасопы кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
2 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі
3 / 5
Шірік-рабат қалашығы, б.з.д. V-ІІ ғ.ғ.
4 / 5
Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы, Х-ХІ ғасырлар
5 / 5
Құттыбай кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.