Теміржол вокзалы ғимараты, 1905 жыл
Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Қараөзек теміржол стансасы
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 28.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Тарихы: Вокзал Орынбор – Ташкент теміржолын салу кезеңінде тұрғызылған. Вокзал ғимараты тікбұрышты форматты күйдірілген кірпіштерден қаланып тұрғызылған, іргесі нығыздалған үйінді топырақ түрінде болып келген. Ғимарат Оңтүстік Қазақстанға тән жағдайлар ескеріліп салынған орыс моделінің үлгісі болып саналады.
Сипаттамасы: Ғимарат 1905 жылы орыс сәулет өнерінің үлгісінде күйдірілген кірпіштен салынған. Қазіргі кезде жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған.