№ 12 кесене, ХІХ ғасыр

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ақжарма ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 28.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Сипаттамасы: Кесене қорымның аумағында орналасқан. Ескерткіштің пішіні төртбұрышты болып келеді, ауданы 7х7 м, бұрыштары жарық жақтарға бағытталған. Ескерткіш күйдірілмеген кірпіштен қаланған (35х18х10 см-қабырғалары, 30х15х5 см-күмбезі). Қабырғалары қыш қоспамен сыланған. Қабырғаларының биіктігі-2,5 м, қалыңдығы-1 м. Кесене бір камералы. Жерлеу камерасының ауданы 5х5 м, жоғарғы бөлігі қираған сфера тәрізді күмбезбен жабылған. Кесененің күмбезбен бірге жалпы биіктігі-6 м. Жерлеу камерасының солтүстік бұрышында күйдірілмеген кірпіштен жасалған құлпытастарымен екі қабір орналасқан және олар қыш қоспамен сыланған. Оңтүстік-шығыс жағынан орналасқан кіреберісі порталмен көркемделген және биіктігі 3,5 м сүйір күмбезбен белгіленген. Порталдың кіреберісінде сүйір күмбез бен ағаш есігі бар аудан 1х1 м, биіктіктері 1,5 м екі шығыңқы жері бар. QR-код тақтайша орнатылған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІІ ғасырлар
2 / 5
Қарасопы кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
3 / 5
Жент қалашығы, Х-ХV ғасырлар
4 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар
5 / 5
Ақтас мешіті, 1884 жыл

Ақпарат

    Записей не найдено.