Шалбас батыр мұнарасы

Мекен жайы: Сырдария ауданы, Қалжан ахун ауылынан батысқа қарай 12 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 29.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Шалбас батыр мұнарасы,
ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ.

Мұнара тікбұрышты қам кесектерден (7/9х16/18х31 см, 10 қатар+10 жым=1,0 м) тұрғызылған, аумақтық өлшемдері: диаметрі-2,70 м, сақталған биіктігі-6,70 м. ғимарат жоспарында дөңгелек, үстіне қарай ақырындап тарылған, жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі әрең көрінетін «тартылым» түрінде жасалған, шығыңқы іргесі бар. Мұнараға кіретін қиылған жебе тәрізді аркалы ойық іргенің үстінен басталып, оңтүстік – оңтүстік-батысқа бағытталған, ойық сыртқа қарай кеңейген. Мұнараның жоғарғы бөлігінде де ойық (кескіні шаршыға жақын) бар, оңтүстікке бағытталған оның көлемі кішірек. Мұнараның тұрқы тік осінен аздап ауытқыған. Мұнараның іші қуыс, қабырғасының қалыңдығы 80 см-ге жуық, қаландысы іш жағынан сырғауылдармен көлденең байланыстырылған. Ішкі кеңістігінің үсті төселген сырғауылдардың үстіне жайылған саз балшық қабаттарымен жабылған.

Шалбас батыр туралы дерек

Шалбас батыр (табын руы), аңыз бойынша, қалмақтармен болған соғыста өлімші болып жараланып, үйіне қайтып келе жатқанда қаза тапқан, сол жерге мұнара тұрғызылған. Шалбас батыр осы өңірге танымал Қалжан ахунның арғы атасы болып саналады.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қорасан ата кесенесі, ХІХ ғасырдың аяғы
2 / 5
Сауысқандық петроглифтері, қола, ерте темір дәуірлері
3 / 5
Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы, Х-ХІ ғасырлар
4 / 5
Жанкент (Янгикент) қалашығы, ІХ-ХІ ғ.ғ.
5 / 5
Асанас кесенесі, ХVІІ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.